Ақтөбеде оқушыны телефонын бермегені үшін аяғына пышақ салған
Ақтөбеде пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны телефонын бермегені үшін қатарластары пышақтап тастаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.11.2024
Рақымжан Әубәкіров, Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Санының төменгі үштен бір бөлігі жарақаттанған. Тамырға зақым келмеген. Жанама беткей тамырлары зақымдалған. Түскен кезде ота бөлімінде алғашқы өңдеу жасалып, жарақатына тегіс салынды. Айтуынша, танымайтын үш-төрт бала телефон сұраған. Бұл телефонын бермеген. Пышақтаған, сосын қашып кеткен.
Оқиға Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-батыс ықшамауданында болған. Оқушыға пышақты өз үйінің қасында салыпты. Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен. Бұрын бір мектепте оқыған. Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Санына пышақты «абайсызда салып алды» дейді. Полицейлер қылмыстық іс қозғапты. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр.
Индира Бексұлтанова, Ақтөбе №10 мектеп директоры:
— Өзінің досы, ойнап, көріп алған да, сол жерде жерге қадап отырғанда тізесінің үстіне қадалған. Сол ғана. Бала жақсы. Ата-анасы, барлығы хабардар. Бұл жағдай абайсызда болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!