{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев қоры Маңғыстау облысындағы қоғамдық ұйымдарға грант табыстады
Нұрсұлтан Назарбаев қоры Маңғыстау облысындағы қоғамдық ұйымдарға грант табыстады

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Маңғыстау облысындағы қоғамдық ұйымдарға грант табыстады

Маңғыстау облысында Нұрсұлтан Назарбаев қорының күндері өтіп жатыр. Ауқымды шарада білім беру, медицина саласы мен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетілді. Қор өкілдері ерекше балаларға арналған оңалту орталықтарында болып, мұғалімдердің білімін жетілдіруге арналған дәрістер ұйымдастырды. Аймақтағы белсенді қоғамдық ұйымдарға ақшалай гранттар табысталды.

Назарбаев қоры науқас балалардың емі мен оңалту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Маңғыстау облысының өзінде осы уақытқа дейін екі орталық ашылған-ды.

Ал еліміздегі басқа да оңалту орталықтарын ашуға Samruk-Kazyna Trust қоры, «Қазақстан халқына» қоры және өңірлік әкімдіктердің қолдауымен бірлесе жүзеге асырылып жатыр. Соңғы төрт жылда 41 орталық пен 16 инклюзия кабинеті ашылды.

Әлеуметтік жобалаларды жүзеге асырып жүрген қоғамдық ұйымдар Назарбаев қоры назарынан тыс қалған емес. Маңыстаудағы екі үкіметтік емес ұйым арнайы грантқа ие болды.«Өркениетті келешек» және «Луара» ұйымдарына қаржылай қолдау көрсетілді.

Медеу Қарсақбаев, Нұрсұлтан Назарбаев қорының жоба үйлестірушісі:

Азаматтық қоғам мен халықтың арасындағы байланысты арттыру мақсатында осындағы белді екі үкіметтік емес ұйымға қаржылай көмек ретінде грант беріліп 5 миллион теңге. Біздің қордың еншілес ұйымдары бар   «Қамқорлық» және «Ел үміті». Сол бағытта да біраз жобаларымыз бар. Осындағы облыстық балалар ауруханасының базасында «Қамқорлық» қорының екі нысаны бар. 

Қордың Маңғыстаудағы күндері аясында алпыс мұғалім Arduino платформасымен жұмыс істеу негіздерін үйренді. Бағдарламаның әдістерін меңгеріп, құрылғы жасауды игерді. Оларға оқушыларды спорттық робототехника бойынша жарыстарға дайындау үшін арнайы құралдар берілді. Өңірдегі жүзге жуық мектеп директоры қатысқан «Үл үміті» бойынша жобалармен танысуға  роуд-шоу ұйымдастырылды. Соның бірі   «Мың бала». Бұл жоба аясында 5-6 сыныпта оқитын дарынды ауыл балалары үздік мектепте оқи алады. Ал «Қабілет» оқушылардың кәсіби бағыт таңдауына септігін тигізеді. Тарихты терең білу үшін қор «Тәуелсіздік дәуірі» жобасын да қолға алған.

Гүлсім Жүсіпова, El Umiti қорының басқарушы директоры:

«Ел үміті» қоры Маңғыстау облысына білім саласында өзіміз көмек көрсету ретінде және біздің қызықты жобалардан қандай әсер болатынын, мұғалімдер мен оқушылар қызығып, қазіргі болып жатқан бағдарламаға нені қоса алатынын айтуға келіп жатыр. Бізде танымал, керемет жоба бар. Министрлікпен бірге жасаймыз. «Мың бала» деген олимпиада. Ол тек ауылдың балаларына арналған.  

Роуд-шоуға қатысқан білім ошағының басшылары арнайы тренингтерге қатысты. Оларға сертификат табысталып, енді өзі алған білімін мектебінде жүзеге асыра алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде