{metadescription}
Атырауда үш адамды өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Атырауда үш адамды өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Атырауда үш адамды өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиған қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол марқұмдардың жақындарына екі ай ішінде 21 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Оқиға биыл сәуір айында болған. 31 жастағы күдікті  28 жастағы келіншектің пәтеріне жанармай алып кіріп, баспанаға өрт қояды. Тілсіз жаудан келіншектің 10 және 7 жастағы балалары сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал келіншектің өзі денесінің 90 пайызы күйіп аурханада көз жұмды. Тергеу мәліметінше, ажырасқан келіншек өзі көңіл жарастырған күдіктімен ара қатынасты үзбек болыпты. Арты жанжалға ұласқан. Тіпті тамағына пышақ тіреп, «өлтіремін» деп қорқытқан. Есі шыққан марқұм оны алдап-сулап, дүкенге жіберген. Кете салысымен, басқа таныс еркекті көмекке шақырыпты. Үйде бөтен адамның барын көрген күдікті жақын маңдағы жанармай бекетінен бензин әкеледі. Есіктен кіре алмаған соң, терезеден түсіп, пәтерге от қойып жеберген. Сотта ол  жалпы тергеудің дұрыс жүрмей, өзіне жала жабылғанын айтып ақталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде