{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы теңгенің қазіргі жайын құлдырау деп санамайды
Ұлттық банк төрағасы теңгенің қазіргі жайын құлдырау деп санамайды

Ұлттық банк төрағасы теңгенің қазіргі жайын құлдырау деп санамайды

Ұлттық банк төрағасы теңгенің қазіргі жайын құлдырау деп санамайды. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, доллар бағамы соңғы екі аптада 495-498 теңгені көрсетіп, тек кейінгі екі күнде 507-ге жеткен. Яғни бар болғаны 2 пайызға құбылды, сондықтан "ұлттық валютаға анау айтқандай қауіп жоқ" дейді бас банкир. Десе де, доллар бағамына қарай азақ-түлік, қызмет көрсету құны өзгеретінін жоққа шығармайды. Ұлттық банк бүгін базалық мөлшерлемені де өсірген.

Кешелі бері биржададағы саудада доллар бір көтеріліп, бір түсіп, 525 теңгеге дейін барған болатын. Соның өзінде кешелі бері 713 млн доллар сатылыпты. Мәселеге дереу Ұлттық банк араласқан соң, теңге бағамы аз да болса тұрақталған. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осындай тұрақсыз жағдайды одан әрі болдырмау үшін валюталық интервенция жасауға тура келгенін айтты. Жұмсалған ақша да аз емес.

Тимур Сүлейменов, Ұлттық Банк төрағасы:

16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз. Соған 1 млрд доллар кетті. Ең маңызды өткен екі күн. Жеке тұлғаларға еш әсер етпеді. Ешқандай артық сұраныс болмай тұр. Тек қана заңды тұлғалар, Қазақстан қор биржасында жұмыс істеп жатқан осы ұсынысты қолдап отыр.

Жалпы мұндай қомақты интервенция соңғы рет елімізде 2022 жылдың мамыр айында жасалған. Ол кезде де инфляция мен валюта бағамы күрт өскен. Енді жыл соңына дейін қандайда бір оқыс жағдай болмаса, теңгені тұрақтандыру ісіне араласпаймыз деп отыр Ұлттық банк төрағасы. Ал доллар бағамының азық-түлікке қалай әсер ететіні жайлы Сүлейменовтің өз айтары бар.

Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы

Біз реалиспіз. Доллар бағамының өзгеруі басқа елдерден әкелінетін тауар құнына әсер етуі мүмкін. Алайда азық-түлікті өзімізде қамтамасыз етілген тауарлардың қатарына жатқызар едім. Сондықтан бағаның өзгеруін күтпеймін.

Ұлттық банк төрағасы жаппай шетел валютасы мен азық-түлік өнімдерін сатып алудың әсте қажеті жоқ деп отыр. Оның орнына жылжымайтын мүлікке инвестиция салып, депозит ашу әлдеқайда тиімді болады деп есептейді.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені де 15,25%-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Осы тізбек бойынша жеке тұлғалар үшін депозит пайызы артуы тиіс. Сәйкесінше, берілетін несиенің де пайызы көтеріледі.

Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап балалардың Ұлттық қордан алатын тиесілі төлем өседі. Жаңа бағамға қарай қордың инвестициялық кірісі артқан. Яғни былтырғы 100 доллардан жоғары болмақ. Дегенмен нақты сома әзірге белгісіз. Ал инфляция мөлшеріне қатысты бас банкирдің болжамы мынадай. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Сыртқы және ішкі факторлар өзгеріп жатыр. Сондықтан келесі жылы инфляцияға апарамыз десек, ол мүмкін емес. Мойындау керек. Өйткені доллар бағамы өзгерді, доллардың күші өзгерді. Сондықтан біздің болжамымызда келесі жылы 7 пайыз, ал 2026 жылы бес пайызға  5 жетеміз.

Валюта бағамының өзгеруіне байланысты Сүлейменов алдағы бюджет «қайта қаралуы мүмкін» деп отыр. Ұлттық банк ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен 2025-2026 жылға байланысты бюджет мәселесін бүге-шігесіне дейін қайта талқыламақ.

Айта кетейік, онсыз да бірнеше рет өзгерген үш жылдық бюджетті Мәжіліс күні кеше ғана бекіткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде