Биыл туу көрсеткішінде дүниеге келген ұл бала саны артқан
Елімізде туу көрсеткішінде биыл ұлдардың саны қыздарды басып озды. Статистика агенттігі тоғыз айдың есебіне сүйеніп осындай қорытынды жасап отыр. Ұлу жылының тоғыз айында қазақ жерінде 280 мыңдай шақалақ дүние есігін ашса, соның 53 пайызы — ұл.
Автор: Айжан Шамшидин
29.11.2024
Бибігүл Мирасбек, Ұлттық статистика бюросының сарапшысы:
— 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ақпаратқа сәйкес, елімізде 278 696 сәби дүниеге келді. Оның 144 45-і — ер бала, 134 мың 683-і — қыз бала. 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда туу деңгейі айтарлықтай төмендеді. Ар ер балалардың саны қыз балаларға қарағанда көбірек.
Демографтар да бәз-баяғыдай бір жігітке 6-7 қыздан келеді деген қатып қалған қағиданың ескіргенін айтады. Соңғы бес жылдың көрсеткіші осыған дәлел.
Дүниеге келген сәбилердің арасында егіз бен үшемдердің де саны артыпты. Биыл алты мыңға жуық егіз бен 107 үшем туған. Десе де "еркек кіндік артты" деп бөркімізді аспанға лақтырғанымызбен, бес жасқа дейін ұл балалардың шетінеу көрсеткіші жоғары. Бұдан бөлек, 36-37 жастан кейін ер-азаматтардың қайтыс болу көрсеткіші күрт артады екен. Бұны мамандар отбасылық жауапкершіліктің көбіне ер-азаматтың мойнына жүктелетінімен байланыстырып отыр. Сәйкесінше, ауыр жұмыстан денсаулық сыр береді, жаман әдеттерге әуестік те осы қатарда.
Шынар Төлешова, демограф:
— Неге осы үйленетін кезде ер адамдар бізде «қыз көп» деп құтырады? Бізде қыз көп, кішкене деп айтады. Ол мәселе тек 20 жаста емес, 18 жаста емес, керісінше 30-35 жасқа дейін ер адам саны әйелге қарағанда жоғары болады. Біртіндеп, 36-37 жастан әрі қарай әйелдердің саны басымдай түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!