12 жасқа дейінгі баланы үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін. Ұсынысты балалар құқы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жасады. Ата-аналардың перзент алдындағы жауапкершілігін заңмен шегелемесек, қайғылы оқиға жиілеп кеттті дейді омбудсмен.
Автор: Айжан Шамшидин
02.12.2024
Динара Зәкиева, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл:
— 2024 жылдың қаңтарынан бері балалардың қазасына әкелген 15 өрт оқиғасы тіркелген. Көпшілігінде балалар үйде жалғыз қалған. Осы оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі баланы кәмелетке толған адамның қарауынсыз қалдыруға тыйым салу туралы заңнамалық шараны қарастыру қажет деп ұсынамын.
Зәкиева бұл шаралар бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды екенін айтады. Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан көмек мүлдем көрсетілмеген отбасыларға назар салып, көмек қолы созылатынын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!