{metadescription}
Ақтөбеде көлік басып кеткен үш жасар қыздың жағдайы ауыр
Ақтөбеде көлік басып кеткен үш жасар қыздың жағдайы ауыр

Ақтөбеде көлік басып кеткен үш жасар қыздың жағдайы ауыр

Ақтөбеде үш жасар қызды көлік басып кетті. Бүлдіршін үйінен шыққан бойда жолға қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары баланың көлік астына түскен кезде ата-анасының қайда болғанын тексеріп жатыр.

Оқиға подъезд алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Қызыл күртешелі кішкентай қыз жолға қарай жүгіргенде алдынан «Тойота» көлігі шыға келеді. Машинаның астында сұлық жатқан қызды жүргізуші шығарып алды. Тәртіп сақшылары автокөлікті айып тұрғаны қойып, 29 жастағы көлік иесін тергеп жатыр. Ал баланың жағдайы тым ауыр. Жамбас сүйегі сынған бүлдіршін ауруханада анасымен бірге жатыр. 

Қуантай Махамбетов, Ақтөбе облысы балалар ауруханасының травматолог-дәрігері:

Травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр. Қосарланған жарақат. Жабық бас жарақаты, миы шайқалған, жамбас сүйектері сынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде