{metadescription}
АҚШ президенті Джо Байден ұлына рақымшылық жасады
АҚШ президенті Джо Байден ұлына рақымшылық жасады

АҚШ президенті Джо Байден ұлына рақымшылық жасады

АҚШ президенті Джо Байден екі бірдей қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған ұлына рақымшылық жасады. 54 жастағы Хантер Байден тапанша сатып аларда есірткі қолданбаймын деп жалған сөйлегені мен салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі болып танылған еді.

Бірінші іс бойынша үкім 12 желтоқсанда, ал екінші іс бойынша сот үкімі 16 желтоқсанда шығуы тиіс болған. Тағылған айыпқа сәйкес, президенттің баласы суық қару алған кезде жалған мәлімет бергені үшін 25 жылға дейін сотталып немесе 750 мың долларға дейін айыппұл арқалауы мүмкін еді.

Айта кетейік, Джо Байден бұған дейін «балама рақымшылық жасамаймын» деп бірнеше рет мәлімдеген. Уәкілеттілігі аяқталар кезде сөзінен тайып, ұлына тағылған айыптардың «саяси астары бар» деп есептейтінін айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде