СҚО: Өртенген үйде мүгедек зейнеткер тірідей жанып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті. Жетпіс жастағы қарт түн жарымында түтінге тұншығып қалған сияқты.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.12.2024
Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында болды. От тұтанғанда жалғыз тұратын зейнеткер ұйықтап жатқан. Өзі бірінші топ мүгедегі екен. Өздігінен жүріп-тұра алмайды. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше, үй лаулап жаныпты. Үйдің төбесі опырылып ортасына құлаған. Көрші үйдің де қора-қопсысын да жалын шарпыған. Құтқарушылар марқұмның мәйітін қиранды арасынан шығарып алды. Сараптама тағайындап, өрттің неден шықққаны анықталып жатыр.
Аян Құсайынов, СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:
— Оқиға орнына сағат үштен 42 минут кеткенде жетті. Өртенген аумақ 55 шаршы метр. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ал марқұм — бірінші топтағы мүгедек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!