«Оңаймен» алты ай тегін жүруге болады — жалған ақпарат
Мерекеге орай карта рәсімдеп, 6 ай автобуспен тегін жүруге болады деген әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Алматыдағы көлік холдингі «өтірік» дейді. Бұл халықтың ақшасын сыпырып алу үшін алаяқтардың ойлап тапқан жаңа айласы екен.
Автор: Әсем Лесбек
02.12.2024
Хабарлама "Тұрғындарға таптырмас мүмкіндік" деп басталады. Бірыңғай жол жүру картасын небәрі 1070 теңгеге толтырып, қаланың іші-сыртына алты ай бойы қатынауға болады делінген. Ол үшін жұрт сілтемеге кіріп, жеке басына қатысты ақпарат беруге тиіс екен.
"Оңай" ресми оперторы бұл ақпараттың жалған екенін айтып, ешқандай сілтемені баспауды сұрайды. Алматы көлік холдингі де тегін жүріп-тұру тек белгілі бір әлеуметтік топтар үшін ғана қарастырылған деп жауап берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!