Алматыда шыңға көтерілген жасөспірім 500 метр биіктіктен құлап кетті
Таудағы оқыс оқиға. Алматыда шыңға көтерілген жасөспірім 500 метр биіктіктен құлап кетті. 16 жастағы жігіт оңбай жарақаттанған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
02.12.2024
5-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім сенбі күні өз бетінше Хрищатый шыңын бағындыруға көтерілген. Алайда биіктікте олардың бірінің аяғы кенет тайып кетіп, төменге қарай домалай жөнеледі. Абдырап қалған достары бұл туралы құтқару қызметіне хабар берген. Оқыс оқиға туралы дереу тау бигіндегі альпинистерге де айтылып, жараланған жігітті алдымен солар тапқан. Кейін құтқарушылар үсті-басы қан-жоса болған туристі зембілмен төмен түсірді. Ол бірден аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер жағдайының өте ауыр болғанын айтады. Қазір науқас тиісті ем-дом алып жатыр.
Құрметбек Тоқтар, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы директорының орынбасары:
– Түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Өабылдау бөлімінде жан-жақты қаралып тексерілді. Қосарланған жарақат, бас жарақаты, басы соғылған, аяқ-қолында жарақат көп. Нейрохирургияда жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!