«Бора» дауылы — Грекияда су тасқынында екі адам мерт болды
Грекияда су тасқыны мен көшкіннен екі адам көз жұмды. «Бора» дауылы Эгей теңізіндегі ірі аралардардың астаң-кестеңін шығарған.
Автор: Шапағат Мырзабекова
02.12.2024
Үйлердің бірінші қабатын су басқан. Оған қоса, қатты дауыл елдің солтүстік-шығысында орналасқан бірнеше қаладағы электр желілерін зақымдапты. Соның салдарынан мыңдаған адам жарықсыз қалған. Қалаларда көлік қозғалысы да тұралады. Өйткені көшкіннен соң жолдар мен көпірлер жүруге жарамай қалған.
Ал туристік Родос аралында 16 сағатта 30 сантиметр жаңбыр жауды. Онда зардап шеккендер жоқ. 80 тұрғын эвакуацияланды. Қазір елде төтенше жағдай жарияланған. Синоптиктер табиғи апат жақын арада Грекияның басқа аймақтарында да қайталануы мүмкін деп болжайды.
Жалпы жаһанда климаттың өзгеруінен Грекия көп зардап тартып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!