{metadescription}
Жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартыла бастады
Жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартыла бастады

Жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартыла бастады

Полиция жазғы дөңгелекпен жүрген автокөлік жүргізушілерін жауапқа тартуға кірісті. Желтоқсанның бірінен бастап темір тұлпар иелері қысқы доңғалаққа ауысуға міндетті.

Ақтөбе көше бойында жол сақшылары әдеттегіден көп. Кездескен көлікті тоқтатып, құжаттан бұрын доңғалағын тексерумен әлек. Қар жауып, тайғақ болғанына қарамастан, жазғы доңғалақпен жүйткіп жүргендер жеткілікті дейді полицейлер. Дегенмен үш жыл бұрын жол қауіпсіздігіне қатысты заңдағы өзгерістер бас амандығын ойламаған жүргізушілерді тезге салуға жақсы болды деп отыр. Желтоқсаннан наурызға дейін қысқы доңғалақпен жүру міндетті. Жазғы дөңгелекті ауыстырмағандарға алғашқыда 18 мың 400 теңгедей айыппұл салады. Екінші қайтара ұсталса, 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 мың теңге төлеуге міндетті.

Айбар Меңдібайұлы, Ақтөбе ПБ патруль полиция командирі:

Қараша айынан бастап жүргізушілерді ескерте бастадық. Себебі, қараша айында бірінші қар болған күні жол-көлік оқиғасы екі есе өсіп кетті. Ақтөбеде әдеттегі күндері 20-30 жол-көлік оқиғасы орын алатын. Бірінші қар болған кезде 70-80-ге дейін жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде