{metadescription}
«29 жылдан кейін». Семейде балалар теміржолы жандандырылды
«29 жылдан кейін». Семейде балалар теміржолы жандандырылды

«29 жылдан кейін». Семейде балалар теміржолы жандандырылды

Семейде 29 жылдан кейін балалар теміржолы қайта жандады. Жолдың ұзындығы — екі шақырым.

Пойыз Бейбітшілік аралындағы көпірден биологиялық орталыққа дейін қатынайды. Балалар теміржолы аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғиғатын тамашалауға мүмкіндік беріп отыр. Ал ұзындығы 12 метр үш вагонның әрқайсында 32 орын бар. Егер сұраныс болса, вагон санын арттыру көзделген. Енді атқамінерлер пойыз жүретін күнімен, жол жүру құнын бекітуді талқылап жатыр. Ал шаһар тұрғындары дән риза.

Зере Оразалина:

Балаларыма үлкен бір сыйлық болып отыр. Балаларым 16 мектепте оқыды. Олар балалар теміржолына жиі баратын. Екі езуі екі құлағында болып қайтатын. Кейін ол теміржол ескірді, тозды. Міне, енді оны қайта қалпына келтіріп, қаламызға үлкен сыйлық жасап отыр. Баршаңызға рақмет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде