{metadescription}
Шымкентте жылу орталығын жөндеуге бөлінген қаржыны ұрлағандар сотталды
Шымкентте жылу орталығын жөндеуге бөлінген қаржыны ұрлағандар сотталды

Шымкентте жылу орталығын жөндеуге бөлінген қаржыны ұрлағандар сотталды

Шымкентте жылу орталығын жөндеуге бөлінген миллиардтарды жымқырғандар сотталды. Лауазымды тұлғалар жоба құжаттарының бағасын қымбат көрсетіп, ақшаны қалтаға басқан.

Энергоорталықтың желілерін жөндеу жұмысына тартылған компаниялар межелі жұмысты бітіру үшін емес, тек ақша жымқыру үшін келісімшартқа отырғандай. Тірлігі күмәнді 24 компанияға қаржы бөлу арқылы Шымкент қаласынан үш жекеменшік үй, Астанадағы тұрғын үй кешенінен екі пәтер мен автотұрақта орын сатып алыпты. Оны жылу орталығына бөлінген қаржыны тексерген экономикалық тергеу департаменті анықтады.

Аталмыш қылмысқа қатысы бар жеті тұлғаның дүние-мүлкі тәркіленіп, банк есепшотындағы 50 миллион теңге мемлекет есебіне қайтарылып, 2 мен 7 жарым жыл аралығында жаза арқалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде