Алтынның бағасы аспандап барады
Алтынның бағасы аспандап барады. Бағалы металдың ресми құны жаңа рекорд орнатып, бір грамы 45 мың теңгеге жуықтады. Осылайша, алтынға инвестиция салғандар мол пайдаға кенеліп жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
03.12.2024
Бүгін Ұлттық банк бекіткен алтынның бір грамының біздегі ресми құны 44 479 теңге. Тәулік ішінде баға бірден 1,6 пайызға өскен. Ал апта ішінде алтынның құны шамамен 4 пайызға көтерілді. Былтырмен салыстыратын болсақ, алтын 47 пайызға қымбаттап отыр. Бір жыл бұрын алтынның бір грамының ресми бағамы 30 247 теңге тұрған. Осылайша ақшаны алтынға салғандардың дәурені жүріп тұр. Алтынның қымбаттауына инвесторлар, өндіріс секторы тарапынан сұраныстың артуы себеп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!