Тасқында жұртқа көмектескен ақылды итті белгісіз біреулер атып өлтірген
Атырау облысындағы тасқында жұртқа көмектескен батыр итті белгісіз біреулер атып өлтірді. Пшөн есімді үй жануары көктемгі су тасқыны кезінде құм тасып, бөгет салуға үлесін қосқан еді.
Автор: Шапағат Мырзабекова
03.12.2024
Иесінің сөзінше, итінен бес күн бұрын айырылып қалыпты. Үйдің ауласынан шығып кеткен жануарды жергілікті ветеринарлық қызметтің маманы атқан екен. Себебі төбет денесіне қадалған инемен үйіне оралған. Алайда қожайыны оны аман алып қала алмады. Пшөн осы айда үш жасқа толуы керек болған екен. Ал жергілікті әкімдіктегілер аймақта қараусыз иттердің саны көбейгендіктен, аулау жұмыстары күшейтілгенін айтып отыр. Махамбет ауданындағы бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеуді бастады. Тіпті облыс басшысының өзі Пшөнге қатысты іс бақылауына алған.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
— Жаңалықтар лентасын ашсаңыз, осы Пшөн жайлы жазып жатыр ғой. Сондықтан міндетті түрде қорытындысы айтылады. Тиісті хабарлама беріледі. Бақылау қажет болатын болса, мен де, менің әріптестерім де оны бақылап, қарап отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!