{metadescription}
Kaspi.kz — Tynyq тобының қысқаметражды фильміне демеуші болды
Kaspi.kz — Tynyq тобының қысқаметражды фильміне демеуші болды

Kaspi.kz — Tynyq тобының қысқаметражды фильміне демеуші болды

Kaspi.kz жаңа есімдерді ашып жатыр. Қазақстандық инновациялық компания отандық Tynyq тобын қолдап, музыканттар туралы қысқаметражды фильмнің түсіріліміне демеуші болды. Премьера қарашаның соңында режиссер Айсұлтан Сейітовтың OYU Live жобасының YouTube арнасында өтті.

«Біз Солтүстік Қазақстаннан шыққан Tynyq музыкалық тобымыз. Біз ешқашан атаққа ұмтылған емеспіз», – дейді топтың вокалисі Нұрсат Басболатов. Алайда атақ оларды өзі іздеп тапты. Топ қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтың OYU Live жобасына қатысты. Молданазар, Джа Халиб, Иван Дорн, Скриптонит, Мияги мен Эндишпиль, Элджей, Oфсет, рэпер Канье Уэст, Joji Айсұлтан жұмыс істейтін жұлдыздардың тізімі осылай жалғаса береді.

Айсұлтан Сейітов, режиссер, OYU креатив продюсері:

Tynyq тобы – керемет музыка, инди-поп жанрындағы шығармашылық. Музыкасын көпшілік тыңдап, қолдағанын қалаймын. Егер біздің деректі фильмді көрсеңіздер, қаншалықты жарқын, таза және ақылды жандар екенін байқайсыздар. Бірі – химик, бірі – лингвист, бәрі терең ойлы адамдар.

Жас топ өз жолын енді бастағанына қарамастан, қазіргі қазақ поэзиясы мен музыкасының ерекше үйлесімі шығармашылығын бірегей және қызықты етіп көрсетіп отыр. Дәл осыны Kaspi.kz байқап, қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Қазақстандық инновациялық компания музыканттар туралы қысқаметражды фильмнің түсірілімдерін қаржыландырды.

Нұрсат Басболатов, Tynyq вокалисі:

Бизнес креатив индустрияны қалыптастыруға атсалысып, синергия қалыптасқанда, ғажап нәрсе жасап, ерекше фестиваль өткізіп, жаңа тұлғалар мен есімдерді ашуға болады. Керемет! Әркім өз әлемінде жүрмейді, бірге осы әлемді жақсартуға мүмкіндік береді.

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервис жасау.

Сонымен қатар компания көп жыл бойы спорт, салауатты өмір салты мен музыка төңірегінде адамдарды біріктіретін жобаларды қолдап келеді.

Жақында Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен режиссер Айсұлтан Сейітов кездесіп, ары қарай да жұмыс істеу туралы шешім қабылдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде