{metadescription}
Түркістан облысында жол жөндеуде екі миллиард ұрланған
Түркістан облысында жол жөндеуде екі миллиард ұрланған

Түркістан облысында жол жөндеуде екі миллиард ұрланған

«Жолдан жеген». Түркістан облысында жол жөндеуге жұмсалған қаражатты тексерген антикор екі миллиард теңгенің қолды болғанын анықтады.

Әкімдік талқаны шыққан жолдарды жөндейді деген сылтаумен конкурсссыз, өзіне ыңғайлы компанияларды таңдап, мемлекеттің мол қаржысын аударып келіпті. Бірақ тексеріс кезінде сол мердігерлердің ешқандай тәжірибесі де, арнайы техникасы да болмай шыққан. Жолды орташа жөндеу сметасына шығынды негізсіз қосып, соның салдарынан бұл жұмыс 177 миллион теңгеге қымбат көрсетілген. Енді тексеріс қортындысымен жол салу немесе жөндеуге делінген қазына қаржысын талан-тараж ететіндерге қатысты заңға өзгеріс енгізілмек.

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жоба-сметасын әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады. Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапқа тартылып, Түркістан облысының әкімдігі жолды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығыстарды алып тастады. Сондай-ақ қаржыландыру бөлінбестен, жоба-сметасын  әзірлеуге жол бермейтін заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде