{metadescription}
Тимур Сүлейменов: АҚШ валютасы 600 теңгеге дейін шарықтамайды
Тимур Сүлейменов: АҚШ валютасы 600 теңгеге дейін шарықтамайды

Тимур Сүлейменов: АҚШ валютасы 600 теңгеге дейін шарықтамайды

АҚШ валютасы 600 теңгеге дейін шарықтамайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұған сенімді. Доллардың әрі қарай өрге домаламауына нарықтағы қалыптасқан тепе-теңдік әсер етеді екен.

Қандай да бір сыртқы факторлар әсер етпесе, келесі жылы да Қазақстанда доллар құны тұрақты бола бермек. Яғни 529-532 теңге дәліз шамасында. Тимур Сүлейменовтің «сыртқы фактор» деп отырғаны мұнай, алтын, доллар мен уран бағасы. Осы төрттік еліміздегі АҚШ валютасының құбылуына тікелей әсер етеді. Құрама штаттардағы Президент сайлауының өз мәресіне жетуі, айналамыздағы геосаси жағдайлардың реттелуі де долларды бірқалыпты деңгейде ұстайды.

Ал қымбатшылық мәселесіне келгенде Ұлттық банк төрағасы сәл кідіріп, тек импорт тауарлардың бағасы өсетінін атап өтті. Ал отандық өнімдердің құны ауыздықталып, бір деңгейде сақталады.

Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы:

  Ұлттық банктің ішінде талдау эконометрия модель бар. Соның аясында 1 доллар 600 теңге болмайды деп отырмыз. Ал қаншаға өседі деп болжасақ, қазір қалыптасқан деңгейде.  Шамаман 532 теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде