«Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына $120 қаражат түседі
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында келесі жылы әр баланың шотына 120 АҚШ доллары көлемінде қаражат түсуге тиіс. Инвестициялық өсімнің сәл артуы соманың да көбеюіне әсер етеді деп отыр қаржы министрі.
Автор: Айжан Шамшидин
05.12.2024
Жалпы іске қосылғанына небәрі бір-ақ жыл болған жоба аясында биыл 1 ақпанда 7 миллионға жуық баланың шотына 100 доллар 52 центтен аударылған. Шоттағы қаражатты ата-аналар kids.enpf.kz сайтына кіріп, перзентінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы анықтауына болады. Әзірге әр баланың шотында 44 800 теңгеден жатыр. Түскен түпкілікті соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін білім алуына жаратуға мүмкіндік бар.
Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:
— Инвестициялық өсімге келсек, биыл біз санаған кезде 2,6 пайызбен санадық. Енді келесі жылы, бұйыртса, есептеп қарап отырмыз. Жалпы үш пайызға инвестициялық өсім болады. Сондықтан 1 қаңтардан бастап балаларды ескере отырып, шамамен 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!