{metadescription}
Сарапшылар: Уақыт белдеуінің ауысуы электрэнергия құнына едәуір әсер еткен
Сарапшылар: Уақыт белдеуінің ауысуы электрэнергия құнына едәуір әсер еткен

Сарапшылар: Уақыт белдеуінің ауысуы электрэнергия құнына едәуір әсер еткен

Уақыт белдеуінің ауысуы электр энергиясы құнына едәуір әсер етті. Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы астаналық сарапшылар осындай пайымға келді. Олар қалтаға ауырлық салып жатқан өзгеріске қатысты Үкіметке арнайы ұсыныс әзірлемек.

Марат Бөлекбаев, Астана қаласы, Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы төрағасының орынбасары:

Біз кеше Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесіп, Қазақстан бойынша сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты жарық құнының өсу тұтынушылардың қалтасына қаншалықты әсер етеді деген ұсыныспен шықтық. Яғни нақты қай сомаға көтерілгенін анықтағымыз келеді. Әлбетте, біздің пайымдауымызша, баға кем дегенде 10-15 пайызға артты. Ал энергетика министрлігінің айтып жүргені еш қисынға келмейді, біз оның айтқанымен әсте келіспейміз.

Уақыт белдеуінің өзгеруімен электр қуаты үшін халықтың шығыны артты дегендер Астананың электр желісі компаниясы енді тарифті көтеруді жоспарлауы еш қисынға келмейді дейді. Олар мұның есебінен стратегиялық тауарлардың құнын ұлғайтып, инвестициялық бағдарламаны өзгертіп әрі жұмысшылардың жалақысын көтеруге ниетті.

Сонымен қатар жауапты компания электр энегиясымен жабдықтау бойынша желілердің тозуы біршама азаятынын алға тартып отыр. Бұл ретте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті бұл өзгерістерді тұрғындар өз түбіртегінде әсте байқамайтынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде