Ұлттық статистика бюросы халық санының өскенін айтады
Қазақстандықтардың саны артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бірінші қарашадағы жағдай бойынша елімізде 20 млн 243 мың 981 адам тұрып жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.12.2024
Жыл басымен салыстырғанда тұрғындардың саны 210 мыңнан аса адамға көбейіп отыр. Халқы ең тығыз қала – Алматы. Мұнда қаңтарда 2 миллион 229 мыңға жуық адам болса, қарашада 2 миллион 280 мыңнан асыпты.
Астана тұрғындарының саны он ай ішінде 81 702-ге артқан. Осылайша қазір елордада 1 жарым миллионнан аса азамат тұрып жатыр.
Ал шымкенттіктердің саны 1 миллион 250 мыңға жуық.
Жалпы халықтың 12 миллион 727 мыңы қалада тұрады. Қалған 7 жарым миллионнан астамы ауыл тұрғындары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!