Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітіледі
Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітілмек. Жаңа жазылып жатқан құжатта тойдағы дастархан мәзірінен бастап, көңілді кешті басқаратын тамадаларға да талап қойылады.
Автор: Сәбит Әлдебай
05.12.2024
Ысырап пен даңғазалықтың алдын алуға бағытталған бастама жайында Жамбыл облысының әкімі мәлімдеді. Журналистермен өткен баспасөз мәслихатында ол қоғам белсенділерімен бірлесіп жазылып жатқан жаңа ереже «пайдалы болады» деп сендірді.
Ербол Қарашүкеевтің айтуынша тараздықтардың демалыс күндері тоймен өтеді екен. Сондықтан жаңа стандартта тойға шақырылатын адам санын шектеп, 50 адамға дейін қысқарту көзделген. Бұл бастама той шығынын азайтып, түскен қаражатты жас жұбайлардың қажетіне жұмсауға мүмкіндік береді дейді облыс басшысы.
Ербол Қарашүкеев, Жамбыл облысының әкімі:
Тараз қаласында демалыс күндері, кем дегенде, 25 мыңға жуық адам тойға барады. Біз барлық асаба мен ақсақалдардың басын қосып, ысыраптың алдын алатын болып келістік. Жаңа стандарт бекітілсе, мұндай даңғазалық біртіндеп тоқтайды деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!