{metadescription}
Петропавлда оқушыларды сабақ үстінде сылақ басып қалған
Петропавлда оқушыларды сабақ үстінде сылақ басып қалған

Петропавлда оқушыларды сабақ үстінде сылақ басып қалған

Петропавлда сабақ үстінде сылақ басып қалған оқушылар ауруханада жатыр. Оқыс жағдай осыдан төрт жыл бұрын ғана салынған жаңа мектепте болған.

Динара Рақышева, Петропавл білім бөлімінің басшысы: 

Оқушылар математика сабағында отырған. Зардап шеккен үш бала бірден жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ата аналарына айтылды. Олармен үнемі байланыстамыз, қодан келген көмекті беріп жатырмыз.

Төтенше жағдай «Жас өркен» ауданында ашылған орта білім беретін № 6 мектепте болған. Төбе сылағы сыныпта артқы партада, терезе жақта отырған балалардың басына түскен. Санаулы секундта болғандықтан, олар қашып үлгермепті. Енді мұның себебін құрамында Төтенше жағдайлар департаменті, құрылыс саласының мамандары және ата-аналардан құралған комиссия анықтайды. Сылақ құлаған оқушыларға алғашында «миы шайқалды» деген диагнозы қойылған. Үшеуі де ауруханада. Бүгін дәрігерлер олардың жағдайы жақсы екенін жеткізді.

Александр Гассман, СҚО көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы: 

«Миы шайқалды» деген диагноз расталмады. Бір баланың арқасы сырылған. Екіншісінде де соған ұқсас. Үшіншісінің бас терісінің жеңіл жарақаты бар. Дәрігерлердің қарауында болу үшін ауруханаға жатқыздық. Шағымдары жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде