Демалыс күндері тұман түсіп, күн суытады, ал кей өңірде аяз күтіледі
Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, күн суытады. Кейбір өңірде сынап бағынасы 28 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.12.2024
«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, республиканың солтүстігінде, орталығы және шығысында ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде сынап бағынасы 26- 28 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде. Таулы аудандарда жауын-шашынның арты қарға ұласуы мүмкін. Синоптиктер тұрғындарды қолайсыз ауа райына дайын болуды ескертеді.
Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
— Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр соңы қарға ұласады. Қазір барлық өңірлерде ауа-райының тұрақсыздығы күтілуде. Атап айтқанда, шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжануда. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!