{metadescription}
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт енгізіліп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт енгізіліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт енгізіліп жатыр

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды енгізу жалғасуда. Бұл шараның қаншалықты жүргізіліп жатқаны Ақордада, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен отырыста талқыланды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбұл жоспарына сәйкес, мониторингтің бесінші раундын жүзеге асыру мәселесі қарастырылды. Ерлан Қарин мемлекет басшысының аталған ұйыммен ықпалдастыққа баса назар аударатынын атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік кеңесші шетел сарапшыларының ұсыныстарын жүзеге асыруға және аталған беделді халықаралық ұйыммен байланысты одан әрі нығайтуға қатысты жауапты орган басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде