Қазақ тілінің абыз анасы Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толды
Қазақ тіл білімінің абыз анасы, ғылыми зерттеулерімен өлшеусіз үлес қосқан Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай ғалымның өзі оқыған Алматыдағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми қауым бас қосты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.12.2024
Алқа жиында ғалымдар Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулерін талқылады. Тіл жанашырының ғасырлық тойына орай, еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар өткізіліп жатыр. Басты мақсат — ғалымның баға жетпес мұрасын жастарға дәріптеу дейді ұйымдастырушылар.
Академик өмірінің соңына дейін тіліміздің тарихын зерттеумен айналысты. Профессордың қазір кең қолданыстағы еңбектері — “Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы бойынша анықтағыш”, "Сөздер сөйлейді"". Рәбиға — “Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің” тең авторы. Бір ғана Хәкім Абайдың әдеби мұралары негізінде үш монографиясы жарық көрген. Мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі оқулықтарының дені филология докторы Рәбиға Сыздықтың зерттеулері негізінде құралды. Ғалым осыдан төрт жыл бұрын 96 жасында көз жұмған болатын.
Кәрімбек Құрманәлиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі:
– Ол кісі тек қазақ тілінің көрнекті өкілі емес, ол қазақ тілі білімінің Түркия, түркі әлемін танытқан кісі. Түркі әлемінің академигі. Сондай атағы бар. Жастар білуі керек. Жастар біздің келешегіміз. Сол себепті өткізіліп оотырған ғылыми жиынның да мәні — жастарды ғылымға тарту.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!