{metadescription}
Петропавлда еріктілер көпшілік баратын гүлзарды қардан тазартты
Петропавлда еріктілер көпшілік баратын гүлзарды қардан тазартты

Петропавлда еріктілер көпшілік баратын гүлзарды қардан тазартты

Солтүстікте аяз бен қар тазалық жүргізуге кедергі емес. Петропавлда еріктілер қолына күрек алып, қала тұрғындарының сүйікті гүлзарын тазалауға жұмылды. Ондағы ескерткіш пен оның маңайындағы алаң қардан тазартылды. Аталған шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті.

Қаладағы шағын бақ тұрғындардың сүйікті орны. Оның жасыл алаңы сұрғылт тартқан қалада «мен мұндалап тұрады. Мұндағы 100 жылдық шыршалар қаланың көркі. Ондағы 314-атқыштар дивизиясының құрметіне қойылған ескерткішті қар мен мұздан тазартуға еріктілер жаппай жұмылды.

Сонымен қатар студенттер мен спортшылар айналадағы қоқысты бір жерге жинап, қар күреді. Қыс келсе де, «Таза Қазақстан» акциясы аясында басталған жұмыстар жалғасып жатыр. Белсенділердің айтуынша, қыстың таза ауасында далада жұмыс істеу денсаулыққа пайдалы.

Ярослав Войтенко, студент:

Қағаз қолсүлгілер мен пластик ыдыстар шашылып жатыр. Бұл ескерткішке және қала тұрғындарына деген құрметтің жоқтығы. Суық жел соғып тұр, сүйектен өтеді. Бірақ мұндай күн райында жұмыс істеген жақсы. Тоңдым, бірақ үйде шай ішіп жылынып аламын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде