{metadescription}
Шерзаттың зиратында өзіне қол салған — қылмыстық іс қозғалды
Шерзаттың зиратында өзіне қол салған — қылмыстық іс қозғалды

Шерзаттың зиратында өзіне қол салған — қылмыстық іс қозғалды

Шерзат жерленген зиратқа барып өзіне қол салған. Талғарлық жасөспірімнің ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 жастағы жігіттің мәйіті бүгін түнде Талғардың шетіндегі зират аумағынан табылған. Ол кеше кешкі астан соң үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Алдымен жақындарынан кешірім сұрап, әлеуметтік желіде жазба қалдырыпты. Сөйтіп өмірімен қош айтысқан. Онсыз да Шерзаттың қазасынан соң есін жия алмай отырған туыстары оны жан-жақтан іздеуге кірісіп, мола жақтан оның көлігін байқаған. Марқұм соңғы хатында өзін інісінің қасына жерлеуді өтініпті.

Айта кетейік, Шерзат қаза тапқан күні Нұрқанат та үш бірдей пышақ жарақатын алған. Соңғы уақытта ол ет сататын кәсібіне қайта кірісіп, бауырының қазасын тергеуге де қатысып жүріпті.

Еске салсақ, қазан айының басында Талғардағы азық-түлік дүкендерінің бірінде жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан еді. Бұл оқиғадан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Полиция 11 адамды қамаған болатын. Артынша, оның ата-анасының үйі өртеніп кетті. Қазір бұл отбасын әлі де полиция күзетеді.

Бағдат Әшімов, Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне қол салған. Марқұмның туысынаөзіне қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде