Алматы облысы: Дәретханаға құлаған бір және сегіз жасар балалар құтқарылды
Алматы облысында бір жастағы сәби дәретхана шұңқырына құлап кетті. Інісін құтқаруға асыққан 8 жастағы қыз құдыққа түскенімен, ол да қайта шыға алмай қалған.
Автор: Шапағат Мырзабекова
09.12.2024
Оқыс оқиға Шонжы ауылында болды. Бір жасар бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Тапа_тал түсте ата-анасының қарауынсыз қалған бөбек тереңдігі екі метр кәріз құдығына түсіп кетеді. Сәбиді шығарып алуға асыққан әпкесі құдыққа түскенімен, ол да шыға алмай қалған. Құтқарушыларды балалардың ата-анасы шақырыпты. Оқиға орнына төрт минутта жеткен құтқарушылар балаларды арқанның көмегімен шығарып алды. Абырой болғанда бүлдіршіндер дін аман.
Рамиль Махпиров, Ұйғыр ауданы ТЖБ бастығы:
— Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанымен құдықтан балаларды шығарды. Балалар зардап шеккен жоқ. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!