Еліміздегі ақбөкендер 4 миллионнан асты
Қазақстанда ақбөкен саны 4 миллионнан асты. Қызыл кітапқа енген қасиетті жануар санының көбейіп келе жатқанын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жария етті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
10.12.2024
Мамандардың айтуынша, ақбөкендерді мониторинг жасау арқылы санау мүмкіндігі бар, бірақ ол өте қымбат. Ол үшін 4 миллиард 900 миллион теңге қажет. Ал әуе арқылы есепке алуға 350 миллион теңге жұмсалады. Саны азайып, Қызыл кітапқа енген қазақ сахарасының ботагөзі атанған бұл киелі жануар бір кездері жойылып кетудің алдында болған. Сондықтан Қазақстанда 2024 жылға дейін ақбөкендерді атуға тыйыым салынған. Өткен жылы киіктердің көбеюіне байланысты сол мораторий алып тасталған-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!