{metadescription}
Отандық орнитологтар құстарды сақтап қалудың шешімін айтып, ұсыныс жасады
Отандық орнитологтар құстарды сақтап қалудың шешімін айтып, ұсыныс жасады

Отандық орнитологтар құстарды сақтап қалудың шешімін айтып, ұсыныс жасады

Құстардың қырылуына электр желілері де себеп. Жыл сайын 34 мыңдай құс тоққа түсіп өледі. Арасында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін түрі де жетерлік. Отандық орнитологтар бүгін осындай дерек келтірді. Мамандар құсты қырмаудың жолы бар деп отыр.

Мәлік Нүкісбеков, орнитолог:

Элекстр бағаналарының басына арнайы қондырғы орнатса, пластмассадан жасалған, сонда құстың аяғы арқылы, қанаты арқылы токқа соғылмайды. Әсіресе жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан кезде, дем алып отырғанда, ауа райы болмай, ылғал кезде токқа көп түседі. Бұл шешілетін тақырып. Мемлекет тарапынан жақсылап қарап, көмектессе.

Орнитологтарды, әсіресе, жыртқыш құстардың жайы алаңдатып отыр. Дала қыраны, қырғи, қаршыға, ителгі, тіпті күндіз ұшпайтын үкі сияқты азайып бара жатқан қанаттылар электр желілеріне қонақтап арам қатады. Олар үшін 6-10 киловатт тоқ өткізгіш жалаңаш сымдар өте қауіпті. Сондай-ақ санаулы болса да, жел электр станциялары құстардың «тұзағына» айналыпты. Жаңа нысан тұрғызғанда, көбінесе, «құс жолдары» ескерілмейді. «Арнайы жасалған карталар осындайда пайдаланылса, қанаттыларға қауіп туғызбас еді» - деп отыр мамандар. Бұл ұсынысты жауапты ведомство басшылары да қарауға дайын.

Андрей Ким, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

Аталған жұмыстар тоқтап тұрған жоқ, жүргізіліп жатыр. Қоғамдық ұйымдар ұсынып отырған бұл жоба өте маңызды. Энергетика министрлігімен де бірнеше рет талқыланып, стандарттау және метрология институтына құстарды қорғау жөнінде ұлттық стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныс жасадық. Құстарды қорғау ісі қолға алынып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде