{metadescription}
Еуропаның бірқатар елі сириялықтарды қабылдауды тоқтатты
Еуропаның бірқатар елі сириялықтарды қабылдауды тоқтатты

Еуропаның бірқатар елі сириялықтарды қабылдауды тоқтатты

Еуропаның бірқатар елі сириялықтарды қабылдауды тоқтатты. Асад режимі құлаған соң, Ұлыбритания, Германия, Аустрия, Грекия және Франция босқындардың пана сұрау өтінішін қарастырмай жатыр. Ал Сирияның Түркия және Ливан арасындағы шекара бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Мыңдаған азамат саяси төңкерістен кейін тарихи Отанына оралғысы келген.

Аустрия 7300-ге жуық өтінішті қарамай қойса, тек Германияның миграция қызметіне сириялықтардан 50 мыңға жуық өтініш түскен. Түркия сириялық босқындардың өз Отанына қауіпсіз оралуы үшін 11 жыл бойы жабық тұрған шекараны ашуға дайын екенін айтты. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Айта кетейік, Түркия бұған дейін де 3 миллионға жуық сириялық босқын қабылдаған. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, 2011 жылдан бері азаматтық соғыстың кесірінен елден қашқан сириялықтардың саны 4 жарым миллионнан асқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде