{metadescription}
Абай облысында қараусыз қалған мал иелерін жазалап жатыр
Абай облысында қараусыз қалған мал иелерін жазалап жатыр

Абай облысында қараусыз қалған мал иелерін жазалап жатыр

Абай облысында қараусыз қалған малдың кесірінен жол апаты көбейді. Сондықтан полицейлер тасжолдарды дронның көмегімен бақылауға алып, төрт түлік иелерін жаппай жазалап жатыр.

Жүргізушілерге Жаңасемей және Семей - Өскемен тасжолы аса қауіпті болып тұр. Бұл күре жолдарда қараусыз жүрген төрт-түлік көп. Әсіресе жайылымдағы жылқылар көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Соның салдарынан жол апаты жиілеген. Мәселен жыл басынан бері жолға шығып кеткен үй жануарларының кесірінен 229 апат тіркеліпті. Бір адам қаза тауып, 67 жолаушы ауыр жараланған. Енді тәртіп сақшылары тас жолдардың бойын әуеден бақылауға мәжбүр. Жол жиегінде қараусыз малды байқаса, оны бірден арнайы қораға қамап жатыр.

Әрсен Бекзатов, Абай облысы ПД ЖПБҚ инспекторы:

Облыс аумағында 151 айыппұл тұрағы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам малды қамадық. 3 651 адам төрт түлігін қараусыз жібергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде