Үржарда 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ бұл үкіммен жәбірленуші тарап келіспей отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.12.2024
Шолпан Мұхамеджанова, марқұмның әпкесі:
— Қылмысыкерге аса жоғары жаза берілген жоқ . Біз бірнеше рет талап-өтініш жазғанбыз.Яғни аса жоғары жаза беруге . Өкінішке қарай, тергеу ісі де, сот тергеу ісі де қанағаттандырмады. Енді біз апелляцияға беріп, ары қарай әділдіктің, шындықтың түбіне жетуге дайынбыз.
Сұмдық оқиға жыл басында Үржар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі түнде дүкеннің алдында адам өліп жатқанын көріп жедел жәрдем шақыртқан. 22 жастағы Рахат Райбекті аяусыз пышақтап кеткен екен. Марқұмның туыстары бір үйдің жалғыз ұлына 21 жерден пышақ салған дейді. Кейін осындай айуандыққа барды деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Судья жалған куәгер болғандардың бәрін жауапқа тарту туралы да шешім шығарды. Сондай-ақ әскери комиссариатқа да тексеріс жүргізілетін болады. Себебі, қара жамылған отбасы айғақтарды жоюға көмектескендердің барлығын жауапқа тартуды талап еткен. Ал сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтемек.
Айжан Бесеева, судья:
— Қанат Саматұлы Пұшпақпаев, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сай қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. ҚР ҚК 46-бабы, 5-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!