{metadescription}
Әкімдік марқұм Шерзат Полаттың ата-анасына үй салып беруге дайын
Әкімдік марқұм Шерзат Полаттың ата-анасына үй салып беруге дайын

Әкімдік марқұм Шерзат Полаттың ата-анасына үй салып беруге дайын

Талғарлық Шерзат Полаттың ата-анасына өртеніп кеткен үйлерінің орнына жаңасы неге әлі берілмеді?! Бұл сұраққа бүгін Алматы облысының әкімі жауап берді. Марат Сұлтанғазиев жасөспірімнің жақындарына үй салып беруге дайынбыз деп отыр. Тек алдымен олардың келісімі керек екен.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Тиісті көмегін мемлекеттік емес ұйымдар арқылы, меценаттар арқылы көрсеттік. Қазіргі күнге де ондай меценат, демеушілер үй салуға дайын. Егер иелері мақұлдаса, ол жұмысқа кірісуге дайынбыз. Біз оларға ұсындық, қыс мезгілі кезінде үйдің тиісті құжаттарын дайындап алайық деген.

Үй отқа оранған күні де қара жамылған отбасына уақытша баспана ұсындық дейді әкім. Алайда Шерзаттың жақындары бұл көмектен бас тартқан көрінеді. Яғни ата-анасының қара шаңырағын паналай тұратынын айтқан.

Еске салсақ, Қаржаубай Нұрымовтың үйі ұлының қазасынан соң араға апта салып өртенген. Қызыл жалын «қасақана қойылған» дейді құзырлы орындар. Оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғап табылыпты. Бұған қатысты тергеу әлі жүріп жатыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде