{metadescription}
Бас прокуратура: Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өзіне қол салу тергеуі бақылауда
Бас прокуратура: Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өзіне қол салу тергеуі бақылауда

Бас прокуратура: Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өзіне қол салу тергеуі бақылауда

Үй отқа оранған күні де қара жамылған отбасына уақытша баспана ұсындық дейді әкім. Алайда Шерзаттың жақындары бұл көмектен бас тартқан көрінеді. Яғни ата-анасының қара шаңырағын паналай тұратынын айтқан. Қаржаубай Нұрымовтың үйі ұлының қазасынан соң араға апта салып өртеніп кеткен еді. «Өрт қасақана қойылған» - дейді құзырлы орындар. Оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғап табылды. Бұған қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.

Алматы облысының прокуратурасы:

Қажетті тергеу жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды. Қазір сараптама қорытындысы күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процеске қатысушыларға танысу үшін беріледі. Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында.

Жасөспірімнің өлімі бойынша 11 адам күдікті ретінде қамауда отыр. Қайғылы жағдай қазан айының басында Алматы облысы Талғар қаласында болған. Азық-түлік дүкенінен жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапты. Сол кезде марқұмның туыс ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та пышақ жарақаттарын алған болатын. Араға бір аптадай уақыт салып, жасөспірімнің ата-анасының үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ал осы аптаның басында 30 жастағы Нұрқанаттың мәйіті зират маңынан табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол өзіне қол салған дейді полицейлер. Марқұмды жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі шу шығарып, ол бірнеше туысымен қоса қамауға алынды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қаржаубай, күйеу баласы мен туыс қарындасына кесілген жаза мерзімі – 15 тәулік. Бірақ Шерзаттың әкесінің қамауға алынуына қатысты адвокаттар шағым түсіріп, бүгін апелляциялық сот өтті. Алайда шешім өзгеріссіз қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде