{metadescription}
Мереке күндері бірқатар өңірде қар жауып, аяз тұруы ықтимал
Мереке күндері бірқатар өңірде қар жауып, аяз тұруы ықтимал

Мереке күндері бірқатар өңірде қар жауып, аяз тұруы ықтимал

Алдағы мереке күндері  еліміздің көп бөлігінде қар жауып, аяз тұруы ықтимал. Синоптиктер, әсіресе, алыс жолға шығуды жоспарлап отырғандарға көктайғақ болып,  тұман түсетінін ескертуде.

Мамандардың болжамынша, ауа райының күрт өзгеруіне солтүстік және оңтүстік циклонның қатар жүруі себеп. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында күннің көзі көрінгенімен, қалың қар жауып, аяз тұрады. Әдеттегідей, аяз таулы аймақтарда қатты сезілмек. Онда температура бағамы 27 градусқа дейін төмендейді. 

Ал солтүстік пен орталықта түнгі ауа температурасы -25 градусқа дейін түсуі мүмкін.  Метеорологтар оңтүстік пен батыста ауа райы жылдағы қалыпты норма төңірегінде болатынын айтты. 

Назерке Сүгірәлі, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы солтүстік және оңтүстік циклондар айқындайтын болады. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей  уақытта  қатты жауын-шашын болжанады. 16 желтоқсан еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қардың жауады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.