{metadescription}
Халық МӘМС тиімділігін көре алмай отыр — Мәжілісте мәселе тағы көтерілді
Халық МӘМС тиімділігін көре алмай отыр — Мәжілісте мәселе тағы көтерілді

Халық МӘМС тиімділігін көре алмай отыр — Мәжілісте мәселе тағы көтерілді

Халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігін көре алмай отыр.  Мәжіліс депутаттары палатаның  көшпелі отырысында  айта-айта жауыр болған мәселені тағы көтерді.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:

 Бұл баяғыдан көтеріліп келе жатқан мәселе. Негізі бұл мәселені көтеру де ұят. МӘМС енгіземіз дегенде бір модель болды. Бірақ қазір енгізілген модель мүлдем басқа. Сондықтан бұл жерде баланс жоқ, сондықтан ақша жетпейді. Сондықтан тариф дұрыс емес. Сондықтан бізде үлкен кезек бар.

Депутат қор құрылған тоғыз жылдан бері медициналық сақтандыру жүйесі ретке келтірілмей отырғанына күйінді. Емханалардағы

Ұзын-сонар кезек, бас ауырып, балтыры сыздаған жанның дәрігер таппай сандалғаны аталған саладағы кемшіліктердің көрінісі. Сондықтан ең алдымен, медицина саласын цифрландыру қажет,-дейді Аймағамбетов. Оның айтуынша, сонда ғана төленген қаражат пен жұмсалған ақшаның есебі болады. Әзірге, аталған қор атқарылған медициналық қызмет сапасына мониторинг жүргізу әдісін енгізуді қолға аламыз деп отыр. Яғни емдеу мекемелерін жіберген олқылығына қарай  қызыл, сары және жасыл топқа бөлу қарастырылған. Ал медициналық қызмет сапасына шағымданған халықта сан жоқ.

Индира Саркенова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасының орынбасары:

 Биыл осы 11 айға есептегенде 900 мыңнан астам шағым түсті. Бұл жерде әр түрлі себеп бар. Біз бұл шағымдарды бірнеше топқа бөлеміз. МӘМС жүйесіне қатысты немесе төлемдерге қатысты және медициналық қызметке қатысты.  900 мың шағымды біз барлық филиалдармен қосылып, қордың филиалдарымен қосылып жұмыс атқардық, , бәріне жауап бердік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде