{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапарында Armiakz ақпарат қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапарында Armiakz ақпарат қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапарында Armiakz ақпарат қызметімен танысты

Әскер қатарындағы жас сарбаздар Armiakz ақпарат қызметін жасап шығарды. Жасанды интеллект арқылы әзірленген мобильді қосымша сарбаздарға ата-анасымен сөйлесуіне мүмкіндік берген. Жаңа жобаның жұмысы Мемлекет басшысына Жетісу облысына сапарында таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ІТ мамандығын меңгерген жас сарбаздармен кездесті.

Мемлекет басшысына Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндалды. Жаңа бастамаға сәйкес, азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады. Мамандардың мәліметінше, мұнда 17 жастағы 160 мыңнан аса жасөспірім автоматты түрде әскери есепке тұрғызылған.

Қорғаныс министрі  әскерге жұмылдыру ресурстарының ақпарат жүйесін таныстырды. Цифрлық трансформация Қазақстандағы

16 - 60 жас аралығындағы барлық ер-азаматты қамтиды. Бұл жұмыс қағаз нұсқада жүргізілген кезде есепте 2,5 миллион азамат болған. Ал цифрлық форматқа көшкеннен кейін әскери қызметке жарамды азамататтар саны 6,8 миллион адамға жеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде