{metadescription}
Астана - Челси матчынан соң Орталық стадионның атқарушы директоры қызметінен кетті
Астана - Челси матчынан соң Орталық стадионның атқарушы директоры қызметінен кетті

Астана - Челси матчынан соң Орталық стадионның атқарушы директоры қызметінен кетті

«Астана» мен «Челси» командаларының кездесуінен кейін Орталық стадионның атқарушы директоры қызметінен шеттетілді. Матчты тамашалауға келгендер мұз қатқан орындықтар мен қатарлардың арасында үйіліп жатқан қарды көрсетіп шағымданған. Ойын өтетін күнді алдын ала біле тұра, билеті жарты ай бұрын сатылып кеткен футбол додасына тиісті деңгейде дайындалуға болатынын айтып, желіде шағым жазып жатыр. Кеше "Астана" лондондық командадан 1 - 3 есебімен жеңілді. Спорт сарапшылары бұл қазақстандық команданың жеткілікті жаттықпағанын көрсетті дейді.

Күні кеше 21 мың жанкүйерді жинаған Орталық стадионда бүгін тірі жан жоқ. Қақпасы құлыптаулы. Десе де кешегі матч біраз спорт қауымының көңілін қалдырғаны сөзсіз.  Бірі ұйымдастыру жұмысына шағымданса, екіншісі ойыншылардың дайындығына налыған.

Жанкүйерлер қаражатқа сатып алған орнына отыра алмаған. Өйткені орындықтар қарға көмілген күйі, тазаланбай тұрыпты. Аяқ астындағы мұз да ойылмапты. Жанкүйерлер кемі 15 мыңнан 40 мың теңгеге дейін сатылған билет «үмітті ақтамады» дейді. Мұны спорт сарапшылары да растап отыр. Ұйымдастыру деңгейінің төмендігі елімізді жерге қаратты дейді.

Ерзат Серғазин, журналист:

Англиялық қонақтарды біз қажетті деңгейде күтіп ала алмадық .Өйткені қарапайым стадионымыздың өзі дайын болмады. Ешқандай тазалық жұмысы жүргізілмеген болып шықты. Матч болатын күн алдын ала белгілі болды ғой, неге соған тиісінше дайындалмадық. Айтарға сөз жоқ.

Ал ойынға тоқталсақ, елордалық «Астана» клубы Англияның «Челси» командасынан 1:3 есебімен жеңілді. Осы орайда біздің футболшылардың ойынға жіті дайындалмағаны білініп қалғандай. Тіпті бас бапкердің өзі командаға көңілі толмағанын айтады.

Григорий Бабаян, «Астана» футбол клубының бас бапкері:

Тактика тұрғысынан алғанда, қосалқы аймақта ойнағанымыз ұнамады. Үзіліс кезінде түзетулер енгізуге тура келді. Әрине, есе берген голдар «Челси» ойыншыларының деңгейін көрсетті. Сондай-ақ біздің әлемдік тәжірибеміздің жоқ екенін байқатты.

Ермұхамед Мәулен, футбол менеджері:

«Астана» футбол клубында тура сондай академия және база болу керек. Тура «Челсидікіндей» стадионы болу керек. Футболшылар дамымаған. Алаңға шығып ойнайтын жігітттер дамымаған. Футбол матчы болып жатыр. Жанкүйерлерге бірінші кезекте жағдай жасалынуы тиіс. Олар осы матчтан ләззат алуы тиіс. Рахаттануы тиіс. Керемет эмоцияны бастан өткеруі тиіс.

Осыдан кейін бүгін әйгілі Орталық стадионның басқарушысы Бауыржан Жұмажанов жұмыстан қуылды. Ақпаратты қала әкімдігі растамады, бірақ жоққа да шығармады. Не де болса, сарапшылар енді «Астана» футбол клубына Еурокубоктегі ойындарға жол жоқ дейді. Десе де футболистеріміз бір жұмадан соң кипрлік «Апоэл» командасымен алаңға шығады. Бар үміт сол ойында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде