Мұнай-газ саласы құрылғалы 30 жылдағы жетістіктер
Алматыда еліміздің тәуелсіздік алған уақытта мұнай-газ саласын құру жолдары талқыланды. Алқа жиында бас қосқан мұнайшылар мен саясаттанушылар аталмыш саланың 30 жылдағы жетістіктерін атап айтты. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған жиын Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өтті.
Автор: Шапағат Мырзабекова
13.12.2024
Марат Шибутов, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары:
— Еліміздің экономикасының негізгі саласы – мұнай мен газ. Бұл сала негізгі әрі экспорттық болып саналады. Мұнай өндіру тәуелсіздік алған жылдарда бірден төрт есеге өскен еді. Әрине, қазір бізге одан әрі экспортты арттырып, мұнай-газ жобаларын уақтылы жүзеге асырып отыру маңызды. Сондықтан бүгін біз осы мұнай құбырларының құрылысы туралы айтатын боламыз.
Мамандардың айтуынша, қазір елімізде мұнай өндіру бастапқы жоспарға қарағанда айтарлықтай артта қалып отыр. Себебі, инфрақұрылымы жеткілікті дамығанымен, кейбір кен орнында мұнай тапшы. Жалпы елімізде мұнай құбырлары 26 жыл бұрын, ал газ желілерінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған екен. Қара алтынның азаюы экспорт көлемінің қысқаруына әкеп соқтырған Бір қуантарлығы, еліміздегі газ өндірісі жыл сайын өркендеп келеді. Бұған қытайлық инвесторлардың салған қомақты қаржысы сеп болған. Осы ретте тау-кен орындарында жұмыс істейтін мамандарға барынша жағдай жасалу қажеттігі айтылды.
Самат Қамысбаев, «Атырауэнергоремонт» ЖШС директоры:
— Мамандарымызды сақтап қалу үшін инвестиция құю қажет. Содан соң осы мамандар стратегия әзірлеп, оның жүзеге асырылуына жұмылдырылады. Сондықтан бюджетке ауырпалық түсірмей, елімізге барынша қолайлы шарттар бойынша шетелдік инвесторды көптеп тарту қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!