{metadescription}
«Бренд коллекция». Перизат Қайраттың бар байлығы тәркіленді
«Бренд коллекция». Перизат Қайраттың бар байлығы тәркіленді

«Бренд коллекция». Перизат Қайраттың бар байлығы тәркіленді

Мінгені тек «Мерседес», таққаны кілең «Картье», «Ролекс», «Прада». Брендтің бәрін самсатып өз коллекциясында тізіп жиған Перизат Қайраттың бар байлығы тәркіленді. Қаржы мониторингі агенттігі тек зергер бұйымдардың тек бір данасының құны 1 миллионнан 70 миллион теңге аралығында тұратынын хабарлады.

Премиум санаттағы Cartier, Dolce & Gabbana, Prada, Louis Vuitton, Versace сөмкелерінің өзі бір бөлмені алып жатқан. Агенттік бұл дүние-мүліктің барлығы Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа деп жиналған ақшадан сатып алынғанын анықтады. Сондай-ақ сот санкциясымен Астананың ең элиталы Аkbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк жайлау», Sensata Plaza тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақтағы жекеменшік орындары бұғатталды.

Еске сала кетсек, еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде қазақстандықтарға жәрдемдесуге және палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсетуге жиналған 1 млрд 700 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде