{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздігімізді қорғау — әр азаматтың перзенттік парызы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздігімізді қорғау — әр азаматтың перзенттік парызы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздігімізді қорғау — әр азаматтың перзенттік парызы

Халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналған күн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік құндылығын тәптіштеп түсіндіре келе, баға жетпес азаттығымызды алдағы уақытта да сақтап, атадан балаға мирас қылып жеткізу — парызымыз деп, ойын жалғасырды.

«Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз»- деп, Президент ойын қорытындылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бұл халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі: тәу етер Тәуелсіздігіміз  баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау әр азаматтың перзенттік парызы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде