Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысқан 803 адам тұрады
Мерекеге орай, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінде мерекелік шара өткізіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
16.12.2024
Таңертең болған салтанатты шараға қала тұрғындары, соғыс ардагерлері мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар келді. Олар алдымен еліміздің тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиын соңында Алматы өңірлік гарнизонының әскери үрмелі аспаптар оркестрі мен сарбаздар мемлекеттік әнұранды орындады.
Айта кетейік, қазір Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысқан 803 адам тұрады. Оларға биыл 250 мың теңге көлемінде біржолғы төлем берілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!