Ақтөбелік құтқарушыларға дәл жұмысының алдынан қызметтік пәтер берілді
Ақтөбелік құтқарушылар мереке қарсаңында баспаналы болды. Өрт сөндірушілер мен апаттан құтқару тобының жұмысшыларына қызметтік пәтер кілті табысталды. Ең қызығы, жаңа шаңырақтары дәл жұмысының ауласында орналасқан.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.12.2024
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
— Бүгін қызметкерлеріміз үшін маңызды күн. Баспаналы болайын деп жатырсыздар. Ол бұрын-соңды тарихымызда жақын арада болмаған нәрсе. Сондықтан біз үшін бұл өте маңызды. Бұл тәжірибені әлі де жалғастыра береміз.
Ақтөбе шетіндегі жаңа ашылған өрт сөндіру бөлімінің ауласына тұрғын үй құрылысы да қоса салынған. Алты пәтерлі баспанаға өрт сөндірушілер бөлімше ашылған күні-ақ көшіп алды. «Жұмысы мен үйі көрші орналасқан мұндай құрылыс еліміздің өзге өңірлерінде жоқ», - дейді министр. Қалған 20 пәтерді құтқарушыларға Есет батыр ықшам ауданынан берді. Жылына кезекте тұрған ақтөбелік төтеншеліктерге небәрі үш-төрт баспана ғана бөлінетін. Биыл 26 шаңырақ жаңа қонысын тойлап жатыр. Пәтер кілтін тапсырарда алдын ала көпбалалы, ерекше бала бағып отырған отбасыларға көңіл бөлінген.
Айбат Жаңабергенов, Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары:
— Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен берілген 26 пәтердің ол жерде көбісі сержант құрамындағы жеке өрт сөндіру қызметкерлері. Оның ішінде көбі көпбалалы ата-аналарға және баласы ерекше көзге түскен әріптестерімізге баспана ұсынып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!