{metadescription}
Синоптиктер осы аптада күн біршама жылынады деп болжайды
Синоптиктер осы аптада күн біршама жылынады деп болжайды

Синоптиктер осы аптада күн біршама жылынады деп болжайды

Еліміздің бар аймағында ауа райы бұзылып, кейбір өңірді қалың қар басып қалды. Үскірік аяз бен ақтүтек боранда жолда қалып қойғандар да көп. Құтқарушылар Маңғыстауда қар астында қалған 13 жүк көлігін шығарып алса, тәртіп сақшылары бораннан жабылған жолдарда күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Аяз бола бермейтін Маңғыстау облысының тұрғындары күннің күрт суытуын күтпеген сыңайлы. Мұнда түрлі жүк артқан 13 ауыр техника Жетібай - Жаңаөзен тасжолындағы қалың қардың астында адымдай алмай қалған. Қар құрсауында қалғандарды құтқарушылар алып шықты.

Ал Жамбыл олысының құтқарушылары жол бойында қалған 15 жолаушыны қауіпсіз жерге көшірді. Алматы -Түркістан бағытымен бара жатқан жолаушылар автобусы бұзылып, Аса ауылының маңында тұрып қалған. Жолаушылар жаурап қалғандықтан, жедел көмек жіберілген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 15 жолаушыны жылыту пунктіне жеткізді, арасында үш бала бар.

Айналма тас жолында автобус тұрып қалды, соляркасының қатып қалған. Автобус Алматыдан Түркістан облысына бет бұрған. Қазір 11 адам, 3 бала және бір жүргізуші эвакуацияланды.

Демалыс күндері құтқарушылардан бөлек, тәртіп сақшылары да тыным тапқан жоқ. Боран мен аязда алыс сапарға шыққан 200-ден астам көлік Түркістан мен Жамбыл облысының аралығында тұрып қалған. Түркістан облысының тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған жолаушыларды қауіпсіз аймаққа дейін алып шықты.

Кешегі түскен қалың қар комуналдық саланың қызметкерлерін де әбігерге түсірді. Мәселен, Орталық Қазақстанда бір тәулік ішінде бір аптаның жауыны түсіпті. Сарыарқаның комуналдық мекемелері күні-түні аяғынан тік тұрып қар тазалап жатыр. Жұмыс бір сәтке де тоқтамас үшін іші жылы техника қойылған. Мұнда жұмысшылар бірер сәт жылынып алып, қайта қар күреп жатыр.

Асқар Құсайынов, «Тазалық эксперт» ЖШС басшысының орынбасары:

Суыққа қарамай, күні-түні жұмыс істейміз. 100-ден астам адам. 60 адам түнде істейді, 50 адам күндіз істейміз. Әр секторға бөлініп, сол секторларды тазалаймыз. Қала бойынша, Михайловка бойынша.

Бірақ қазақстандықтар желтоқсанның соңына дейін үскірік аяздан құтылған сияқты. Синоптиктер осы аптада күн біршама жылынады деп болжауда. Қар басқан батыс өңірінде күн күрт жылынып, өзге аймақтардағы боран басылады дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде