Майотта аралындағы тропикалық дауылда 14 адам қаза тапты — Франция
90 жылда болмаған табиғи апат. Францияның Үнді мұхитындағы Майотта аралында алапат тропикалық дауыл соғып, салдарынан 14 адам қаза тапты.
Автор: Әсем Лесбек
16.12.2024
" Шидо" деп аталған циклон әкелген дауылдың жылдамдығы сағатына 220 шақырымнан асып, 15 мың тұрғын электр қуатынсыз қалған. Қатты дауыл 300 мыңнан астам ғимараттың шатырын жұлып әкеткен. Тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелер, аурухана ғимараттары апатты күйге түскен. Еңбек мигранттары тұрып жатқан лашықтардың да түгі қалмапты.
Елдің Ішкі істер министрлігі қаза болғандар мен зардап шеккендердің нақты санына айта алмай отыр. Соңғы мәлімет бойыншағ архипелагтағы апаттан 14 адам қайтыс болыпты. Телефон байланысына қатысты қиындықтар туындауда. Майоттадағы табиғат апатына байланысты Францияның жаңа премьер-министрі Франсуа Байру шұғыл отырыс өткізіп, аймаққа азаматтан қауіпсіздік қамту қызметкерлері, әскерилер және өрт сөндірушілер аттандырылғанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!