{metadescription}
АҚШ жоғары оқу орындары шетел студенттерін елге қайтуға шақырып жатыр
АҚШ жоғары оқу орындары шетел студенттерін елге қайтуға шақырып жатыр

АҚШ жоғары оқу орындары шетел студенттерін елге қайтуға шақырып жатыр

Американың жоғары оқу орындары шетел студенттерін Трамптың инаугурациясынан бұрын елге қайтуға шақырды. Мұндай хабарлама, кем дегенде, 10 университетте оқып жүргендерге жіберілген.

Өйткені Трамп сайлауалды науқанында заңсыз және заңды мигранттармен күресемін деген еді. Сондықтан университет басшылықтары қысқы каникулда үйіне кеткен шетел студенттерінің АҚШ-қа қайта оралу мәселесіне алаңдап отыр. Себебі, осыдан жеті жыл бұрын Трамп біраз шектеу қойған. Бұл жолы да елге кіруге қатысты жаңа тыйымдар болуы ғажап емес. Оңтүстік Каролина университетінің студенттеріне жіберілген электронды хатында оқу басталмай тұрып, яғни 13 қаңтарда Америкаға қайту қажеттігі айтылған. Ал жаңа Президенттің әкімшілігі 20 қаңтардан бастап қызметке кіріседі. Осыған байланысты АҚШ-қа саяхаттау және виза рәсіміне қатысты жаңашылдықтар болуы әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде